Энергетика министрлігі Аи-92 маркалы бензин бағасын 236 теңгеге дейін өсіруді ұсынды

Энергетика министрлігі Аи-92 маркалы бензин бағасын 236 теңгеге дейін өсіруді ұсынды

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасына мемлекеттік реттеу тәртібін өзгертуді ұсынып отыр.

Бұл туралы бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне қосымша құн салығы есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленген:

1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

2) Аи-92, Аи – 93 маркалы бензин:

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 литр үшін 187 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 182 теңге.».

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында – 1 литр үшін 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – 1 литр үшін 230 теңге.

 

Алайда, Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағаларын, Еуропа нарықтарына дейінгі көлік шығыстарын, акциздерді, операциялық және басқа да шығыстарды ескеріп, Аи-92 маркалы бензин литрі– 236 теңге, дизель отыны – 420 теңге екенін ескертті.

«Аи-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халық арасында теріс әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, 2025 жылға дейін (ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары жұмыс істей бастаған мерзім) шекті бөлшек сауда бағаларын (Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин) кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады» - делінген бұйрық жобасында.

Фото: smi24.kzktk.kz