Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.
Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды. Бағдат Мусин
YouTube өкілдері биыл елімізде YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар» - деп атап өтті министр.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото KnowTechie
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через