Енді қазақстандықтар қаржы пирамидасын тексере алады

Енді қазақстандықтар қаржы пирамидасын тексере алады

     Экономикалық тергеу қызметі 23 қаржы пирамидасына қатысты 55 қылмыстық істі қарап жатыр.

     Бұдан бөлек, қаржы пирамидасының белгілері бар 2 мың сілтеме бұғатталды, - делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында.

     Ведомстводан қаржы пирамидасы қызметіне қарсы шаралар кешені туралы ақпарат берді.

     Азаматтардың қаржы пирмидасы қызметінің белгілері байқалған сайттар мен сілтемелерді тексере алатын Telegram-бот іске қосу жоспарланып отыр, - деді Агенттіктен.

     Сәуір айында Қазақстанда 3 мыңнан астам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Өткен жылы қаржы пирамидасынан 31 мыңнан астам азамат зардап шекті. Олар 54 млрд теңгеден астам қаражат жоғалтқан. Биыл «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасына қатысты іс жұртшылықтың назарын аударды. Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 14 адамға, оның ішінде үш танымал блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаевқа айып тағылып отыр. Олардың екеуі ұсталды, бірі халықаралық іздеуде.