Бірақ ол рельспен емес, дөңгелекпен жүреді. Құрастырушылар көлікті шаһардың бұрынғы атауымен «Алма-Ата» деп атаған. Қала тұрғындарының айтуынша, ретро-вагон 1980 ші жылдары мегополисте жүрген ЛM-33 маркалы трамвайына ұқсайды. Ал балаларға бұл көлік түрі тіпті таңсық. Трамвай 12 орындық. Вагоны кезінде Ленинградта шығарылған ЛМ-33 немесе халық арасында «Американка» деп аталған трамвайға ұқсатып, қолдан құрастырылды. Оны Еділ Көбебаев бастаған 4 жігіт жасауды қолға алған. Олар ретро көлікті 3 айдың ішінде жасап шығарды. Бұрынғыдан айырмашылығы дөңгелекпен жүреді. Оған әсіресе балалар құмар. Тіпті бұл көлік түрін мүлдем көрмегендері де бар.
Алматыда трамвай 1937 жылы пайда болды. Алайда 90-жылдардан бастап, оның қозғалысына шектеу қойыла бастады. Кейіннен біртіндеп рельсі бұзылды. Ал 2015 жылы мүлдем тоқтады. Әрине, бұл декоровті көлік. Бірақ трамвайдың элементтерін сақтауға тырысқан. Бұл трамвайды құрал-жабдықтарын Мәскеуден тапсырыс беріп алдыртқан көрінеді. Өнертапқыштар трамвайға әлі де қосымша бөлшектер қойып, түрлендіруге ниетті. Ал, демалыс саябағы тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, тағы қандай ретро – көлікті көргісі келетіндіктерін білмек
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через