Еңбек жарамсыздығына төленетін жәрдемақы қарастырылуда
Қазір ауырып қалған қызметкер 43 755 теңгеден артық ала алмайды. Қазақстанның еңбек министрлігінің сарапшылары жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбекке жарамсыздығы бар қызметкерлерге төленетін төлем мөлшерін ұлғайту мәселесін қарастыруда. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Заң бойынша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде қызметкерге төленетін жәрдемақы мөлшері айына 15 АЕК – тен (2021 жылы-43 755 теңге) аспауға тиіс. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал жағдайында коронавирус ауруына байланысты жұмысқа шықпауға мәжбүр болған қазақстандықтар бұл төлемдердің жеткіліксіз мөлшеріне шағымданады.
"Бұл мәселе бойынша біз қазір әріптестерімізбен бірге еңбек стандарттарын пысықтап жатырмыз. Егер адам ауырып қалса, оған 43 мың теңге мөлшерінде төлем бойынша шектеулер қойылады. Бұл мөлшер қызметкердің орташа табысына сәйкес келмейтіні түсінікті. Сондықтан бұл мәселе біздің сараптамалық топ аясында жұмыс берушілермен бірлесіп, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай аясында ұлғайту (төлемдер мөлшері) тұрғысынан қарастырылуда", - деді Сарбасов.
Вице - министр карантиндегі қызметкерлер - олардың қалауы бойынша және жұмыс берушінің келісімімен қашықтықтан жұмыс істей алатынын айтты. Бұл ретте еңбекақы төлеу бойынша ешқандай шектеулер болмауы тиіс.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через