Еңбек нарығына үш мыңдай кәсіби маман қажет

Еңбек нарығына үш мыңдай кәсіби маман қажет

Жұмыс іздеп жүргендер үшін жақсы жаңалық. Қазақстанның еңбек нарығына биыл 2700 кәсіби маман қажет болады. Қызмет көрсету мен құрылыс, көлік саласындағылар сұраныстағы мамандық иелері. Еліміздің еңбек нарығын бір сүзіп шыққан Ранкинг.кз порталы осындай дерек келтірді. Болжам бойынша, экономикалық тұрғыдан өндірісте 3400 қызметкер керек болады. Бұл бағытта мамандарға сұраныс былтырға қарағанда 36% - ке артады. Екінші кезекте көтерме және бөлшек сауда да 2100 адам, үшінші әкімшілік және көмекші қызметтерде 1400 адамға сұраныс болады. Аймақтар ара жігінде ірі қалаларда жұмыс күші қажет. Бұл Алматы, Нұр-Cұлтан қалалары мен Атырау облысы. Биыл жұмыскерлерге сұраныс болатын салалар Өндіріс – 3400 адам Сауда және көлік жөндеу – 2100 адам Әкімшілік және көмекші қызметтер – 1400 адам
https://24.kz/kz/