Ең жіңішке үйдің ішінде не бар?

Ең жіңішке үйдің ішінде не бар?
фото: hi-tech.mail.ru/newatlas.com

Толық жатын бөлме мен жуынатын бөлме кішкентай ғана жерге сыйып кеткен. Ұзындығы небәрі 8 метр. Бірақ соған қарамастан кішкентай Mi casita үйі әдетте үлкен үйлерге тән сүйкімді интерьермен және мүмкіндіктермен ерекшеленеді, соның ішінде шатырда емес, төменгі қабатта ванна бөлмесі мен жатын бөлмесі бар. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы "New Atlas" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 Modern Tiny living компаниясы ұсынған Mi Casita үйі үш өсі бар тіркемеге негізделген және сайдингпен қапталған. Безендіруге ағаш пайдаланылған. Есік балқарағайдан жасалған, ал шатыры сұр түске боялған. 

Внутри есть кухня и гостиная.

Шағын ғана бөлмеге көп нәрсе сыйып тұр.  Дереккөз Modern Tiny Living

Алдыңғы есік ас үйге ашылады, ол ыдыс жуатын жер, мұздатқыш, тоңазытқыштан, электр пеші  және микротолқынды пеш қойылған. Ас үй жайлы қонақ бөлмемен біріктірілген. Онда кішкене диван мен асхана үстелі бар, олардың орнын ауыстырып қоюға болады. 

 

В гостевую спальню ведет лестница со встроенным хранилищем.

Баспалдақтың астына зат сақтайтын орын жасалған. Дереккөз Modern Tiny Living

Қонақ бөлме, өз кезегінде, жылжымалы есікпен төменгі жатын бөлмеге қосылады. Бұл басқа шағын үйлер сияқты кең емес. Бірақ төсек биік әрі бірінші қабатта орналасқандықтан мұнда ұйықтау ыңғайлы, өйткені төсекке жату үшін баспалдақпен көтеріліп, тізе бүгудің қажеті жоқ.

В ванной комнате есть место для отдельной стоящей ванны и душа.

Жуынатын бөлмеде жеке ванна мен душқа арналған орын бар. Дереккөз Modern Tiny Living

Жатын бөлменің қарама-қарсы жағында жеке ванна бөлмесі бар, бұл осындай шағын ғана үй үшін өте қолайлы жасалған деуге болады.   Сондай-ақ дәретхана, киімді кептіретін мүмкіндігі бар кір жуғыш машинасы орнатылған. 

Наверху есть двуспальная кровать.

Жоғарғы қабатта екі орынды төсек бар. Дереккөз Modern Tiny Living

Негізгі жатын бөлмеден басқа, Mi Casita-да стандартты кеңістік пен екі кісілік кереует бар. Бұл қонақтар үшін ыңғайлы. Шатырға ішінде арнайы қойма қарастырылған баспалдақ арқылы көтерілуге болады. 

Үйдің бағасы көрсетілмеген.