Елордада Республика күніне орай бәйге өтеді

Елордада Республика күніне орай бәйге өтеді

       Елордада Республика күніне орай ат жарысы өтеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Кәрбозов айтты.

       «24-25 қазан күндері елордадан Қосшыға қарай шыға берістегі Этноауыл ұлттық-мәдени кешенінің аумағында «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің ашылуына орай ат спорты бойынша жарыс ұйымдастырылады», - деді ол әкімдікте өткен брифинг барысында.

       Сонымен қатар ол Республика күніне орай елордада жасөспірімдер арасында футболдан қалалық ашық турнир, семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Шоудаун» үстел теннисінен ашық чемпионат өткенін айтты.

       Брифингке қатысқан Ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов бәйгеге еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық шабандоз қатысатындығын айтты. Бәйге 14 және 20 шақырымдық қашықтыққа өтеді.