City Transportation Systems көлік компаниясының баспасөз қызметі елордада қанша жылы аялдама орнатылғанын айтты,
Көлік компаниясының мәліметінше, Нұр-сұлтан қаласы аудандарының әкімдіктері жылы аялдамаларды қалпына келтіру жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізеді.
«Елорда жолаушыларының қоғамдық көлікті күту жайлылығы аясында аялдама пункттері жабық типтегі (жылы) күту павильондарымен жабдықталуда. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2015-2021 жылдары 130 жерден аялдама орнатқан. Ал 2018-2021 жылдары Астана әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 29 дана, Есіл ауданының әкімдігі – 2, Сарыарқа ауданының әкімдігі – 1 және Байқоңыр ауданының әкімдігі 2 аялдама орнатты. Қазіргі уақытта елордада жалпы саны 164 жылы аялдама бар», - деп атап өтті компания өкілдері.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через