Елордада қайта өңдеуге жіберілетін пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын екінші фандомат пайда болды
City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, елордадағы мұндай екінші аппарат «Гүлжан» сауда үйінде орнатылған. Сонымен қатар бөтелке ыдысты тапсыру бағасы 5 теңгеге дейін көтерілді. Жиналған соманы көлік картасының балансына аударуға немесе қайырымдылыққа жіберуге болады.
«Көлік картасын толтыру үшін Transcard.kz сайтында фандоматта алынған арнайы купонды іске қосу керек», - деп атап өтеді компаниядан.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 4 маусымында елордада «Керуен» сауда орталығында бөтелкелерді қайта өңдеуге қабылдайтын «Fandobox ecoplatform» автоматы іске қосылған еді.
Аппарат көлемі 0,5-тен 2 литрге дейінгі пластик бөтелкелерді, алюминий банкаларды штрих-кодымен қабылдайды. Олардың ішінде сұйықтық болмауы тиіс. Алдымен қолайлы бөтелкенің немесе банканың штрих-кодын көрсету керек. Бөтелке көрсетілген өлшемдерге сәйкес келсе, аппарат оны қабылдайды. Бірнеше бөтелке немесе банка тапсырғыңыз келсе де, оларды кезек-кезек салу керек.
Ал бөтелкені тапсыру арқылы елордадағы қоғамдық көлік картасына баланс толтыруға мүмкіндік беретін мұндай аппарат өткен айда «Астаналық» базарда («Артем» сауда үйі) орнатылған еді. Ол кезде бір бөтелке тапсырғаны үшін 3 теңге бонус берілетін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через