Елордада әуежайға дейін түнгі автобустар қатынайды

Елордада әуежайға дейін түнгі автобустар қатынайды
фото: https://sputnik.kz

Елордада әуежайға дейін түнгі автобустар қатынайды

Нұр-Сұлтан қаласында бір айға жуық уақыт түнгі автобустар жүреді. Қоғамдық көлік әуежайға дейін қатынайды.

"15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды. Мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданды", - деп хабарлады City Transportation Systems.

Жолаушылар №10 бағдардағы автобустармен жүреді.

Әуежайдан №10 бағдарының түнгі рейстерінің шығу уақыты:

23:18,

00:29,

01:59,

02:59.

Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.

Еске салсақ, 15 шілде мен 8 тамыз аралығында елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Күндізгі 11.00-ден кешкі 18.00-ге дейін әуежайдың ұшу-қону жолағы жөнделеді. Оған 280 млн теңге жұмсалады.

Нұр-Сұлтаннан ұшып шығатын және елордаға келетін 75 рейстің 20-сы өз кестесін ауыстырады. Қазақстандық әуе компанияларынан бөлек өз кестесін "Өзбек әуе желілері" компаниясы да өзгертеді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде әуе билетін қайтарған жолаушыларға айыппұл салынбайды.

Мәтіндегі ақпарат туралы