Елордада алғаш рет көк жол белгісі пайда болады

Елордада алғаш рет көк жол белгісі пайда болады

    Қазақстан астанасында көк түсті таңбалар қолданылмақ. «Парковочное пространство Астаны» ЖШС хабарлағандай, осылайша ақылы тұрақ аймақтары бөлінеді. Тәжірибе ретінде Нұржол бульварында белгі қойылды.

    «Парковочное пространство Астаны» компаниясының баспасөз қызметі жаңа енгізілім жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылғанын хабарлады. Көк белгілер жүргізушілерге ақылы тұрақ кеңістігінің шекараларын жақсырақ және жылдам анықтауға көмектеседі. Мұндай тәжірибе бірнеше жылдан бері ірі мегаполистерде (Мәскеу, Санкт-Петербург) қолданылып келеді.

    Қазақстанда алғаш рет көк түсті жол белгісі пайда болады. Пилоттық жоба қазір елордада Нұржол бульварында басталады.

    Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек. Егер жаңа енгізілім қала билігінің мақұлдауына ие болса, болашақта елорданың барлық ақылы тұрақ аймақтары көк жол таңбасымен бөлінетін болады, деп хабарлады «Парковочное пространство Астаны»  ЖШС.

    Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ақылы тұрақтар елордада 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды. Ақылы тұрақтар жобасын іске асырудың негізгі міндеті көше-жол желілерінде көлік жүктемесін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өту маңызды.

    Ережелер, жеңілдіктер, төлем әдістері туралы қосымша ақпарат, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар astanapark.kz. сайтында орналастырылған.

    Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Ережеге сәйкес, төлем алғашқы 30 минутта жасалуы керек. Демалыс және мереке күндері тұрақтарды қолдану тегін.

    Ақпарат дереккөзі