Елордалық әуежайда жолаушылар FlyArystan рейсінің бірнеше сағатқа кешіктірілуіне байланысты жанжал шығарды.
Жолаушылардың айтуынша, Flyarystan әуекомпаниясының ұшағы Астана-Шымкент рейсімен 25 ақпанда таңғы 5:40-та ұшуы тиіс болған. Алайда ауа-райына байланысты деген сылтаумен рейс 10 сағатқа кешіктірілді, дейді олар. Ал басқа авиакомпаниялардың ұшақтары жарты сағаттан кейін ұшып кеткен.
Біраз уақыттан кейін жолаушыларға SMS арқылы рейс мүлде тоқтатылғанын хабарлаған.
Ашуланған тұрғындар әуежайда жанжал шығарды.
Көлік полициясының мәліметі бойынша, 20-ға жуық жолаушы авиакомпанияға шағымданып, кейбірі заттарын, сөмкелері мен бөтелкелерін қабылдау бөліміне лақтырған.
Осыдан кейін 27 жастағы астаналық әйелге қатысты "ұсақ бұзақылық" және "ұрып-соғу" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сондай-ақ, жағдайға байланысты желіде әлеуметтік желі белсенділері де наразылықтарын білдіріп жатыр.
“Менің авиациядағы аласапыранмен күресуге тырысып жүргеніме жеті жылға жуық уақыт болды. Нарықтың кемінде 70% иелік ететін Эйр Астана мен Фостердің монополиясы жойылмайынша ештеңе өзгермейді. Мемлекет бұл монополияның пайда болуына жол берді, енді онымен күресуі керек. Әзірге Фостер бүкіл саланы кепілге алады, жекешелендіруге бармайды және нарықта өзінің нарықтағы орнын барынша сақтап қалуға тырысады. FlyArystan Мен Air Astana бөлінгенге дейін ешқандай IPO болмауы керек. Өкінішке орай, біздің сауатсыз шенеуніктер әуеден айырылғанын түсінбейді. Міне, енді нәтижесі осы”, – деп жазды журналист Денис Кривошеев.
Оқиғаға орай Stan.kz тілшісі Fly Arystan компаниясының баспасөз қызметіне жүгінген болатын. Алайда компания толығырақ ертең жауап беретінін мәлімдеді.
“Өз тарапымыздан, әуекомпания тарапынан бұзушылық болған жоқ және де біз бәрін қауіпсіздік ережелеріне сай орындағанымызды хабарлаймыз”, – деп қысқа қайырды әуе компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Fly Arystan-ның кеше, 25 ақпанда Алматыдан Шымкентке ұшқан рейсі де алты жарым сағат уақытқа кешіккенін компанияның сайтынан байқауға болады.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через