Елімізге визасыз келген шетелдіктер 30 күннен артық бола алмайды

Елімізге визасыз келген шетелдіктер 30 күннен артық бола алмайды

Шет  мемлекеттерден келген азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұру тәртібіне өзгерістер енгізілді,  деп хабарлады Standard.kz.

«Қазақстанда қаңтардың  27-нен бастап жаңартылған көші-қон ережесі күшіне енді. Соған сәйкес, визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн ғана бола алады. Жарты жыл ішінде визасыз шетел азаматтарының елде болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Ал ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) азаматтары үшін 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Бұрынғы талапта бұл мәселе реттелмеген. Яғни, шетелдіктер Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетіп, қайта келіп, мерзімді жаңарта алатын еді», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен онлайн брифингіде.

Тек жаңа ережелердің уақытша тұру рұқсаты немесе визасы бар шетелдік азаматтарға  қатысы жоқ.

Фото: smi24.kz.