фото: pixabay.com
Бүгін Алматыға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина партиясы әкелінді.
Қазір Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүріп жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау үшін вакцинаның қосымша көлемін сатып алуды пысықтады. Жалпы, қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін вакцинаның 1,5 млн астам дозасы сатып алынды.
Келген вакцина жедел тәртіпте ҚР ДСМ СЭБК-нің бөлуіне сәйкес ел өңірлеріне жіберіледі.
Вакцинация үшін «Serum Institute of India» шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина қолданылады.
Бұл вакцинаны өндіруде өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін ДДҰ алдын ала біліктілігі бар.
Қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келеді және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылады.
Биыл елімізде, әлемнің көптеген еліндегідей, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады.
Қызылша — инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы болатын жұқпалы вирустық инфекциялардың бірі.
Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға өте сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарланған.
Елімізде балаға жоспарлы түрде екі рет екпе салынады: алғашқысы — 12-15 айлығында, екіншісін — 6 жасында.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через