Қазақстанға жыл басынан бері 24,6 млн дана гүл әкелінді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген. Ақпан айының жедел ақпаратына сәйкес, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең.
Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 млн дана гүл талы әкелінген, құны – 5,8 млн АҚШ долларына жуық.
Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны – 1,3 млн АҚШ доллары),
үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны – 161 мың АҚШ доллары).
Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оның 35 тоннасы 192 мың АҚШ долларына әкелінген. Басқа да жаңа кесілген 376,8 тонна гүл (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және т.б. экзотикалық гүлдер) 2,2 млн АҚШ долларына әкелінген.
Биыл гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен әкелінген.
Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған. Жалпы, былтыр Қазақстанға 46,7 млн АҚШ долларына 6 690 тонна гүл әкелінген.
Сондай-ақ, өткен жылы қазақстандық раушан Өзбекстанда сұранысқа ие болып, 94 мың АҚШ долларына 25 тонна гүл экспортталған.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото baigeNews.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через