Еліміздің жол сапасы қандай?

Еліміздің жол сапасы қандай?

               Осыдан бірер ай бұрын мәжіліс спикері депутаттар атынан осы салаға бөлінетін қаржының діттеген жерге жетуін қатаң қадағалайтынын айтты. Инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша осы жылы республикалық маңыздағы күре жолдарды салуға 140 млрд теңге қаралған.. Бұған дейін салынған жолдардың сапасы сын көтермейді. Халықтың наразылығы көбейген. Мәжіліс төрағасы жауапты ведомствоға сын айтып, күрделі проблемалардың шешімін талап етті. Әйтеуір бөлінген ақша талан-таражғат салынып кетспесе игі.

               Жол салынады, инфрақұрылым тартылады, қалған жұмыс кәсіпкерде. Қазір Қазақстандағы үлкен трассалардың бойында екі мыңға жуық қызмет көрсету кешені бар екен. Жол бойында қонақ үй, асхана, жанармай құю бекетін ашып, бизнес бастаймын дегендерге қазір көп жеңілдік қарастырылған.Яғни, Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсету бекеттеріне қойылатын талаптардың Ұлттық стандарты бар. Яғни, ол бекеттер қандай болу керек, бір-бірінен неше шақырым алшақ орналасу керек деген мәселелер сол ұлттық стандартта көрсетілген. Қаншалықты стандартқа сай салынып жатқанын бір жаратқан белер. Сіз не дейсіз? Ой бөлісіп, пікір қалдырыңыз.