Еліміздің жасөспірімдері арасында қауіпті ойын таралуда

Еліміздің жасөспірімдері арасында қауіпті ойын таралуда
фото: vitvesti.by

Жастардың арасында қауіпті ойын таралып жатыр.

“Жүгір немесе өл” ойыны бойынша балалар қауіпті нәрсе жасап, содан кім тірі қалып, жеңуге тиіс. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескерту жасап жатыр.

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.

“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.

Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір-біріне ескертіп жатыр.

“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жүгірген жігіттерді көрсеңіздер, абай болыңыздар”, – делінген хабарламада.

Bugin.kz