Еліміздің ғалымдары адамның қандай дертке шалдығуы мүмкін екенін анықтайды

Еліміздің ғалымдары адамның қандай дертке шалдығуы мүмкін екенін анықтайды

       Онкология, жүрек-қантамыр және зат алмасу ауруларын ерте білуге болады.

       Мамандар мұны ДНК арқылы генетикалық сынақтардың немесе маркерлердің көмегімен анықтайды. Тіпті адамның қандай спортқа бейім екенін де байқауға болады екен. Зерттеуге қажетті материал сілекей жасушаларынан алынады. Сөйтіп, ДНК шығады. Одан соң химиялық реакция жүреді. Осыдан соң адам бойындағы ауруды, дарынды, тіпті оның мінезін анықтауға болады.

       Елена Жолдыбаева, жоба жетекшісі:

       - Біздің зерттеулеріміз, ең алдымен, жүрек-қан тамырлары ауруының асқынуын анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе тромбоз қаупін, онкологиялық қатерді білуге болады. Біздің генетикалық тестеріміздің фитнеспен айналысатын спортшыларға да қатысы бар. Сараптаманың көмегімен адамның төзімділігін, генетикалық ерекшелігін, ескере отырып, оның қандай спортқа жақын екенін анықтай аламыз.

       Елордалық ғалымдар мұндай әдіспен 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері 70 генетикалық тест жасалған. Соңғы үш жылда мамандар мыңдаған адамның ДНК-сын зерттеді. Сәуле Құбекова геномды әдіс көптеген аурудың алдын алуға мүмкіндік береді дейді. Генетикалық тест – медицинадағы жаңалық.

       Сәуле Құбекова, кардиолог:

       - Қазақ медицинасы жалпы әлем ғылымы үшін бұл тың жаңалық. Яғни біз дертті ерте анықтай аламыз. Сол арқылы жүрек-қантамырындағы ауруды қалай емдеу керек екенін білдік. Бірақ біз тек алдын алу сатысындамыз. Ишемиялық ауруды, артериялық гипертензия мен жүрек ырғағының бұзылуын бақылай аламыз.

       Генетикалық сараптама Астанадағы төрт емханада жүргізіледі. Ғалымдар енді қазақтың генофондын зерттеуді көздеп отыр. Қорған Қонысбайұлы, Сәния Көпжасарова, Ерлан Наурызбаев, Ербол Дайыров

      Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/595498-elimizdi-alymdary-adamny-andaj-dertke-shaldy-uy-m-mkin-ekenin-any-tajdy

 

Еліміздің ғалымдары адамның қандай дертке шалдығуы мүмкін екенін анықтайды 11:28, 12.04.2023 7 Онкология, жүрек-қантамыр және зат алмасу ауруларын ерте білуге болады. Мамандар мұны ДНК арқылы генетикалық сынақтардың немесе маркерлердің көмегімен анықтайды. Тіпті адамның қандай спортқа бейім екенін де байқауға болады екен. Зерттеуге қажетті материал сілекей жасушаларынан алынады. Сөйтіп, ДНК шығады. Одан соң химиялық реакция жүреді. Осыдан соң адам бойындағы ауруды, дарынды, тіпті оның мінезін анықтауға болады. Елена Жолдыбаева, жоба жетекшісі: - Біздің зерттеулеріміз, ең алдымен, жүрек-қан тамырлары ауруының асқынуын анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе тромбоз қаупін, онкологиялық қатерді білуге болады. Біздің генетикалық тестеріміздің фитнеспен айналысатын спортшыларға да қатысы бар. Сараптаманың көмегімен адамның төзімділігін, генетикалық ерекшелігін, ескере отырып, оның қандай спортқа жақын екенін анықтай аламыз. Елордалық ғалымдар мұндай әдіспен 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері 70 генетикалық тест жасалған. Соңғы үш жылда мамандар мыңдаған адамның ДНК-сын зерттеді. Сәуле Құбекова геномды әдіс көптеген аурудың алдын алуға мүмкіндік береді дейді. Генетикалық тест – медицинадағы жаңалық. Сәуле Құбекова, кардиолог: - Қазақ медицинасы жалпы әлем ғылымы үшін бұл тың жаңалық. Яғни біз дертті ерте анықтай аламыз. Сол арқылы жүрек-қантамырындағы ауруды қалай емдеу керек екенін білдік. Бірақ біз тек алдын алу сатысындамыз. Ишемиялық ауруды, артериялық гипертензия мен жүрек ырғағының бұзылуын бақылай аламыз. Генетикалық сараптама Астанадағы төрт емханада жүргізіледі. Ғалымдар енді қазақтың генофондын зерттеуді көздеп отыр. Қорған Қонысбайұлы, Сәния Көпжасарова, Ерлан Наурызбаев, Ербол Дайыров #ғалым #дерт #Хабар 24 Сондай-ақ... Ақтөбеде Т.Ахтановтың құрметіне халық театрлары фестивалі өтіп жатыр Теннистен Қазақстан-Польша кездесуіне дайындық жүріп жатыр Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырады Еліміздің солтүстігінде тасқын судан қауіп күшейді Британияда пабтар жабылып жатыр Біз туралы Алғаш рет эфирге 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «24 KZ» атауымен шыққан арна 2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Хабар 24» болып өзгертілді. Құрамындағы «24 KZ» арнасының атын ауыстыру – «Хабар» агенттігінің қайта жаңару аясындағы шараларының бірі әрі арнаның агенттіктің телеотбасындағы мүшесі екендігін айқындау. Side Logo Хабар 24 Тәулік бойы ақпарат тарататын арна Жаңалықтар Ақтөбеде Т.Ахтановтың құрметіне халық театрлары фестивалі өтіп жатыр Ақтөбеде Т.Ахтановтың құрметіне халық театрлары фестивалі өтіп жатыр Теннистен Қазақстан-Польша кездесуіне дайындық жүріп жатыр Теннистен Қазақстан-Польша кездесуіне дайындық жүріп жатыр Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырады Түркия тұңғыш ғарышкерін ұшырады Еліміздің ғалымдары адамның қандай дертке шалдығуы мүмкін екенін анықтайды Еліміздің ғалымдары адамның қандай дертке шалдығуы мүмкін екенін анықтайды Көп оқылғандар Елордада мектепке барар жол қауіпті Елордада мектепке барар жол қауіпті Қытай ковид-ақпаратты жасырғанын теріске шығарды Қытай ковид-ақпаратты жасырғанын теріске шығарды Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды Бразилияда топан судан кейін тамақ тапшылығы сезілді Бразилияда топан судан кейін тамақ тапшылығы сезілді Тегтер #ХАБАР24#ҚАЗАҚСТАНЖАҢАЛЫҚТАРЫ#ТОҚАЕВ#ПРЕЗИДЕНТ#КОРОНАВИРУС#СПОРТ#ӘЛЕМ#ТІКЕЛЕЙЭФИР#ҮКІМЕТ × © 2022, «Хабар 24» телеарнасы. Барлық құқығы қорғалған. Яндекс.Метрика To Top

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/595498-elimizdi-alymdary-adamny-andaj-dertke-shaldy-uy-m-mkin-ekenin-any-tajdy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz