фото: https://www.istockphoto.com/
«Қазгидромет» мамандарының мәлімдеуінше Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында қатер жоғары.
Су айдындары мен сақтау қорлары 50 %-ке дейін толып тұр. Осыған қатысты өзендердегі сірескен сеңдер бақылауға алынып, жарыла бастады. Біршама өңірлерде топырақтың қату тереңдігі 1 метрге дейін жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 33 см көп. Ал наурыз айының екінші онкүндігінде, оңтүстік аймақтар жаңбырлы болады деген болжам бар. Айдың соңына қарай күн жылынады. Сондықтан су тасқыны қауіпті аймақтарда, алдын алу және құтқару жұмыстары күшейтіледі.
Серік Ибраев, Гидрология департаменті гидрологиялық болжамдар басқармасының басшысы:
- 1м15с - 1м36с, 2м48- 2м54 - Көктемгі су тасудың негізгі факторлары болып күзгі ылғалдану, қар қоры, жауатын жауын - шашын және ауа температурасы. Осы белгілеген аймақтарда көрсеткіштер нормадан жоғары болып тұр. Гидрологиялық болжам жасалғаннан кейін бүкіл құзырлы мемлекеттік органдарға жолаймыз.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через