фото: Sn.kz
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына 36 миллионнан астам кибершабуыл жасалған
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.
Кездесуде президентке ведомствоның биылғы үшінші тоқсанның басынан бері атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі мен бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді.
Сағымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан аумағында лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған радикалды топтың құрықталғаны туралы баяндады. Террористік қылмыстар бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және 3 экстремист сотталды.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы 103 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды.
Сонымен қатар мемлекет басшысына криминогендік ахуалды жақсарту жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз қару айналымына қатысы бар 2 арна жойылды. Ұлттық қауіпсіздік органдары полициямен бірлесіп, қару жасырылған 12 орынды анықтады. Жалпы саны 59 қару, 3 граната және 3 339 оқ-дәрі тәркіленді.
Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. 660 келіден астам есірткі және 17 тоннадан аса прекурсор тәркіленді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 257 құқық бұзушы ұсталды. Құны 3,8 миллиард теңгеден асатын валюта мен тауарлардың заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Сондай-ақ қару, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 120 әрекетке тосқауыл қойылды.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуыл мен 866 DDoS-шабуыл тойтарылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыс бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через