Еліміз аумағынан кейбір ағаш түрлерін әкетуге 6 айға тыйым салынады.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Индустриялық даму комитеті төрағасының бұйрық-жобасында.
Құжат 3 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін 10 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото kz.all.biz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через