фото: egemen.kz
Қазақстанда жүн мен теріні қайта өңдеу бойынша бірнеше жоба іске асырылуда, екі жобаны келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Парламент Мәжілісінде мәлімдеді.
Отырыс барысында депутат Қарақат Әбден Қазақстанда жүн мен теріні қайта өңдеу қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, республикадағы өңдеу зауыттарының жағдайы нашар, сондай-ақ шикізатты елден тыс жерлерге әкетуде проблемалар бар. Ауылдық жерлерде тері, жүн сататын орындардың болмауына байланысты фермерлер оларды тастауға немесе өртеуге мәжбүр. Ал өңделген терілер мен жүн Қазақстанға шетелден бірнеше есе қымбат әкелінеді.
"Фермерлер теріні сата алмайтындығын ескере отырып, олар жылына 30 млрд теңгеге дейін жоғалтады", - деп атап өтті депутат.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев саланы дамыту үшін қазіргі уақытта бірнеше ірі жобаларды іске асыру бойынша дайындық жүргізіліп жатқанын, оның екеуін 2024 жылы іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.
"Біз елімізде 40 мың тонна жүн өндіреміз, бірақ оның тек 20%-ы ғана қайта өңделеді. 2022 жылы біз 3,4 миллион тері алдық, бірақ тек 22% қайта өңделеді. Дамыту қажет екенін түсінеміз... Ақтөбе облысында жүн өңдеу зауытын саламыз. Жоба келесі жылы іске қосылады. Бұл жүнді қайта өңдеуді 20% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Алматыда шетелдік инвесторлардың қатысуымен екінші жоба - теріні қайта өңдеу кәсіпорны. Бұл жоба жүзеге асырылуда, келесі жылы біз оны іске қосамыз", - деді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через