Сарапшылар Қазақстан жолдарында апат көбейгенін айтты.
2022 жылдың соңында жол-көлік оқиғаларының саны 6,4% өскен.
"Егер ЖКО саны 2022 жылдың басынан сәуірдің соңына дейін жыл сайын 2,9% өссе, ал мамырдан желтоқсанды қоса алғанда бірден 7,7% өсті", - дейді мамандар.
Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, нәтижесінде жалпы 2022 жылдың соңына қарай жазатайым оқиғалардың саны 6,4% өсті. Бұл - кейінгі жылдардағы ең үлкен өсім.
Дәл осындай динамика осы апаттарда зардап шеккендер санына қатысты да байқалады.
Оның үстіне, сарапшылардың айтуынша, жағдайды маусыммен түсіндіру мүмкін емес.
"Қыстың ең қауіпті айлары дәл бірінші кезеңге (қаңтар-сәуірді қоса алғанда) түседі".
Сонымен қатар егер 2021 жылдың көрсеткішін қарастырсақ, онда 2020 жылмен салыстырғанда, қаңтар-сәуірде ЖКО санының жыл сайынғы өсімі 10,3%, ал мамыр-желтоқсанда небәрі 0,8% болды.
Дереккөз Zakon.kz. Фото El.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через