Сыбайлас жемқорлардан алынған қаржыға 72 мектеп салынады.
Ел үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекіткен.
Қазіргі кезде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түскен.
«Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда: 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның(екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады», делінген хабарлама.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын.
Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта жиналғанын хабарлаған.
Қазіргі уақытта білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті. Үкімет қаражатты жұмсау бойынша тиісті қаулыны бекітті.72 жоб аға 106,7 млрд теңге бөлінеді. Оның 94,1 млрд теңгесі 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға жұмсалады. Қалғаны жаңа 2 мектеп пен 200 орындық мектеп-интернат салуға бөлінеді. Үкіметтің есебінше, бұл жоспар үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен орын жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/597966-elimizde-zhem-orlardy-a-shasyna-72-mektep-salynady
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через