фото: https://www.istockphoto.com/
Ұлттық статбюро 2023 жылғы зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің санын жариялады.
Өткен жылы 410,3 мың адам (2022 жылы — 386,3 мың адам) немесе зерттелген кәсіпорын қызмеркерлерінің жалпы санынан 24,2% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыс істеген.
Кәсіпорын қызметкерлері арасында санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыспен қамтылғандардың ең үлкен үлесі Қарағанды — 45,1%, Маңғыстау — 43,6%, Павлодар — 42,2%, Ұлытау — 40,2%, Шығыс Қазақстан облыстарында — 32,5%.
Ондай қызметкерлердің ең аз үлесі — Қызылорда облысында (8,8%).
2023 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін өтемақы мен жеңілдіктерге 255 182,6 млн теңге жұмсады.
Қосымша демалыс 543,5 мың адамға берілген, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін 419,4 мың адам қосымша ақы алған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через