фото: Pixabay
Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсуі байқалып отыр.
Шілде айында төлемнің орташа мөлшері 65,3 мың теңгені құрады. Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 мың теңгеге аз. Шілде айында жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрағаны да таңқаларлық жайт емес, - делінген хабарламада.
SN.KZ
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через