Ұлттық экономика министрлігі үкіметтің кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы қаулысына толықтырулар әзірледі.
Атап айтқанда, "Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері" деген 3-бөлім "ЭКОНОМИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" медалі мазмұндағы 27-4-тармақпен толықтырылды.
"ЭКОНОМИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН" медалімен қызметін мінсіз жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан, экономика саласындағы жаңа бағдарламалар мен жобаларды әзірлегені және іске асырғаны, экономиканы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ұлттық жобаларды іске асыру әдістерін жетілдіргені үшін жоғары кәсіби қызметкерлер, шетел азаматтары және өзге де тұлғалар аса маңызды және күрделі міндеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін марапатталады.
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» медалі сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 мм шеңбер түрінде жасалады.
Медаль мәтіні мен бейнелерінің бедері шығыңқы күңгірт.
Медальдың шеттері ернеумен жиектелген. Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі.
Дереккөз Zakon.kz. Фото: newtimes.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через