Қыркүйекте тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде тұрғын үй бағасына қатысты өз болжамын ұсынды. Оның айтуынша, қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8%-ға, ал қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 7,2%-ға күрт өскен еді., Сондай-ақ, маусымда қайталама нарықтағы тұрғын үй 1,2%-ға, ал жаңа тұрғын үй 0,9%-ға қымбаттады. Айтар болсақ, Петропавл қаласында қаңтар-ақпан айларында қолданыстағы тұрғын үйдің бағасы 5,6 кейде 4,6 пайызға дейін өскені байқалды. Сәуір айында төмендеу байқалды яғни 2,4 пайызға төмендеді, қазір де осы баға сақталып тұр деуге болады Маусымда жылжымайтын мүлік бағасы Қостанайда 2,9%, Түркістанда 4,5% өсті, ал қалған өңірлерде өсім мөлшері 1%-дан аз.», - деді Қ. Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін министрдің бірінші орынбасары елімізде тұрғын үй бағасы өсуінің себебін түсіндіріп өткен болатын. Яғни, бұған дейін зейнетақы қаражатын пайдаланып тұрғын үй алу мүмкіндігіне байланысты үлкен сұраныс болған еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через