Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады
Елімізде тыйым салынған есірткі, психотроптық препараттар тізіміне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.
Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» №470 қаулыға өзгеріс енгізді.
Осыған байланысты трамадол препараты да есірткі болып есептеледі. Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады. Басқа жерлерле еркін сатылмайды.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды лицензиясыз сатылатын болса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Halyk uni
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через