Елімізде көлік алуға төмен пайызбен несие беру бағдарламасы аясында қалыптасқан кезекке қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пікір білдірді.
«Осы орайда елімізде шығарылатын көлік санын арттырып жатырмыз және отандық өндірістегі автомобильдерге сұраныс өсіп келеді. Атап айтқанда, елімізде шығарылатын көлік санын әлі де көбейту керек», - деді министр.
Министрдің айтуынша, Hyundai компаниясы Қазақстанда зауыт ашқысы келетін қытайлық үш автомобиль брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл тұрғыда Қытайдың танымал брендтері қамтылмақ. Олар Hyundai компаниясымен бірге зауыттар ашуға қызығушылық танытып отыр.
Фото: carsallcars.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через