фото: Bugin.kz
Елімізде шағын және орта кәсіпкерлердің саны 27 процентке көбейген.
Қазір республика аумағында 2 млн-нан астам бизнес субъект жұмыс істейді. Бұл саланың экономикадағы үлесі 36 процентті құрайды. Шағын және орта кәсіптің өндірістік қуаты да артқан. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры мәлімдеді. Нұрбол Жанабековтың айтуынша, мемлекеттің бизнесті қолдау шаралары аясында субсидияларға сұраныс жоғары. Сонымен қатар "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында ақпараттық қолдау шаралары іске асырылуда. Ол Ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылға арналған жоспары аясында жүргізіліп жатыр.
Айдана Тоғызбаева, "АТАМЕКЕН" ҚР ҰКП департамент директоры:
- «Мен кәсіпкер» жобасы аясында жеті бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Оның ішінде бизнесті ашу мен жүргізу бойынша ақпараттық қолдау. Жоба аясында біз 5 мыңнан астам әйелге қызмет көрсеттік. Мыңнан астам қыз-келіншек оқып шықты. Олар 12 бағытта білім алды. Негізінен СММ, массаж, визаж, тігін бизнесі, шаштараз және кондитерлік өнімдерді дайындау курстары.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через