Елімізде репродуктивті денсаулыққа арналған мектеп ашылады

Елімізде репродуктивті денсаулыққа арналған мектеп ашылады
фото: sputnik.kz

Елімізде жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына арналған медиа мектеп ашылады.

Сайтта жыныстық сауаттылыққа қатысты мәлімет жарияланады. Өңірлерде еріктілер жұмыс істейді. Олардың міндеті - оқушылар мен ата-аналарға гинекологиялық тақырыптарда ақпарат ұсыну.

Қазірдің өзінде Астана қаласы мен Қызылорда облысында 100 ерікті дайындықтан өтті. Олар кеңес беруге әзір.

Сонымен қатар анонимді телеграм канал ашылды. Ол жерге де репродуктивті денсаулыққа қатысты сұрақтар жолдауға болады.

"Біздің мақсат – жастар арасында ақпарат жетіспеушілігін азайту, алдын алу", - дейді жоба жетекшісі Қанат Мырхайдаров.

Қазақпарат