фото: sputnik.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері оны 4825 адамның жұқтырғаны анықталды. Ауырғандардың көбі жасөспірім.
Науқастардың дені, ауруға қарсы екпе салдырмаған. Әсіресе Алматы қаласында кеселді жұқтырғандар көбейіп барады. Онда жыл басынан бері 1217 адам қызылшамен тіркелген. Астана, Шымкен қалалары мен Жамбыл және Алматы облыстарында да, осы ауру дендеп тұр.
Әсемгүл Абатова, Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы: - Қазіргі жағдай біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша қызылша ауруының өршігені байқалады. Күнтізбе бойынша 1 жас және мектепке баратын 6 жасында осы қызылшаға қарсы вакцина алауы керек. Егер 10 адамның ішінде 9 адам 90 пайызы вакцина алмаған болса ауырады.
Қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді.
Мамандар қызылшаның жалғыз емі, вакцина екенін айтып отыр.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через