Елімізде қару-жарақ сатуға рұқсат берген жөн

Елімізде қару-жарақ сатуға рұқсат берген жөн

              Жақында әлеуметтік желі қолданушы Самат Нұртазаның қару-жарақты сатып алуға рұқсат беруге бола ма, болмай ма? - деген сұрағы ой салды. Оның  субьективті пікірі, қаруды халыққа сатуды рұқсат беру керек. Бізде АҚШтағыдай "қару ұстау мәдениеті" қалыптасу керек екенін айтады. Бізде ер азаматтар қару ұстай білу керек, қаруды қолдана білу керек.

              Әрине қаруды сатуға қарсы топтың уәждерін түсініп отырмын. "Қару сатылса, адамдар бір-бірін атып тастайды-мыс". Бірақ менің ойымша бұл керісінше эффект береді. Қоғамда қару сатылса, әр адам өз қаруын қолданар алдында, басқа үйде де қарудың бар екенін және ол адам да қаруды қолданатынын білгендіктен, шеттен шықпайтын сияқты. Ал шынайы қылмыскер ол қаруды заңсыз жолмен-ақ табады.

               Өткенде Лисаковск қаласында көршісін атып өлтірген азамат неге қару қолданды? Әрине ашу-ыза бар, әрине жынына тиді т.б. Алайда оның сенімді түрде қару қолданғанының артында, көршісінің қарусыз болғанын білгендік жатыр. Қаруы жоқ үйге қару асынып барды. Мәселе сонда. Бұл бір деп қойыңыз.

               Екіншіден, "ата-бабамыз батыр болды, Ұлы Даланы найзаның ұшымен қорғап қалды" деп көпіреміз. Ал қазір сол ата-бабаның ұрпағы тапанша мен автомат ұстай ала ма? Сол батыр мен билердің ұрпағы граната лақтырып, мылтықпен нысанаға дәл тигізе ала ма? Рталы Сіздің де ойыңызды білгісі келеді.