Елімізде қанша шипажай бар

Елімізде қанша шипажай бар

Жаз айларының басталуына үш күн қалды. Ұлттық статистика бюросы демалыс маусымы қарсаңында Қазақстан шипажайлары туралы мәлімет ұсынды.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық мекеме болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.

Сауықтыру нысандарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.

Курортты ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 мекеме жұмыс істеп тұр. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан бар.

Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% әйелдер құрады.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото szhanakorgan.kz