Елімізде паспорт алу құны тағы өсетін болды

Елімізде паспорт алу құны тағы өсетін болды

Қазақстан Республикасы азаматының 22 парақтан тұратын паспортын алу үшiн – 4 АЕК төлеу белгіленді.

Экономика министрлігі Салық кодексіне қазақстандықтар, оның ішінде балалар үшін мемлекеттік баж салығы мөлшерін белгілейтін түзетулер әзірледі.

Сонымен, 615-бапқа өзгерту енгізілді.

Қазақстан Республикасы азаматының 22 парақтан тұратын паспортын алу үшiн – 4 АЕК (12 252 теңге, 16 жасқа дейiнгi балалар үшiн) төлеу белгіленді; 36 беттік құжатқа 8 АЕК (24 504 теңге) төленбек.

48 беттен тұратын төлқұжат 12 АЕК (36 756 теңге) тұрады.

Азаматтығы жоқтарға берілетін куәлікке 8 АЕК (24 504 теңге) төлеу керек.

Қазақстан азаматтары үшін жеке куәліктің құны – 0,2 АЕК (612,6 теңге).

Қазақстан Республикасы азаматының құжатты бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалтуына байланысты жеке куәлік алу құны – 1 АЕК (3063 теңге).

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – 0,2 АЕК (612,6 теңге).

Салық кодексінің қазіргі редакциясында тек Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, азаматтығы жоқ адамның куәліктері, жол жүру құжаты қамтылған.

 Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – 0,2 АЕК.

Түзетулер жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды.

Zakon.kz.