фото: elements.envato.com
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясы штамдарының айналымын зерттеу нәтижесін жариялады.
«Республикада тұрақты негізде вирустарды генетикалық зерттеуге мониторинг жүргізіледі. Соңғы секвенирлеу қорытындысында Қазақстанда омикрон штаммының мынадай нұсқалары айналымда жүргені нақтыланды: XBB.1.9. – 31,3%, XBB.1,16 – 21,5%, EG.5 (Эрис) – 25,49%. ВА2.86 (Пирола) нұсқасы анықталған жоқ», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомствоның нақтылауынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен қамтуға, қалған вакцина көлемі мен оның жарамдылық мерзіміне мониторинг жасалып отырады.
Министрлік ұсынған мәліметке сәйкес, 2021 жылдан бастап бүгінге дейін елімізде 10,8 млн адам екпенің бірінші дозасын, 10,6 млн адам екінші дозасын алған.
Мұнан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вацинаның екі дозасын 149 мың адам салдырды.
Сондай-ақ 5,8 млн адам ревакцинациядан өтіп, 1,5 млн адам қайта вакцина салдырды.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через