Елімізде интернет нашар болғаны үшін байланыс операторларына айыппұл салынды

Елімізде интернет нашар болғаны үшін байланыс операторларына айыппұл салынды
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@pixabay/

       Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды. 

       Прокурорлар облысаралық байланыс инспекциясымен бірлесе отырып, Рудный көшелерінде 3G/4G интернетке қосылу және төмен жылдамдықты бұзу фактілерін анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторларына жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

       Тексеру қорытындысы бойынша қалада байланыс сапасын арттыру, сол арқылы 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқықтарын қорғау мақсатында қосымша антенналар мен құрылғылар орнатылды.

       Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы байланыс нарығында олқылық көп екенін айтқан еді. Ол сапасын әлі де жақсарта түсу керек деп мәлімдеген еді. 

       Stan.kz