Елімізде гүл бір жылда 8% пайыз қымбаттады

Елімізде гүл бір жылда 8% пайыз қымбаттады
фото: pixabay.com

Әсіресе Қарағанды облысында баға қатты құбылған. Онда бірден 41%-ке өсіп кетті. Одан кейін тізімге Алматы облысы мен елорда жайғасты. 

Еліміз гүлдерді қайдан импорттайды? Гүл бизнесі қалай дамып келеді? 

Бізде қызыл раушандар үнемі сұранысқа ие. Оларсыз бірде-бір гүл дүкенін елестету мүмкін емес. Ал көктемде қызғалдақтар, нарцисс және гиацинттерді алушылар көбейеді, – дейді сатушылар. 

Гүлдердің бағасы қанша? 

Қаңтарда базарларда раушан гүлдерінің бір данасы 946 теңгеден сатылды. Ең қымбаты Абай облысында – 1400 теңге. Қостанайда 1300 теңге және Шығыс Қазақстанда 1200 теңге. Ең арзан раушан гүлдері Шымкентте: бар болғаны 600 теңге. Батыс Қазақстан облысында раушан гүлі 648 теңге, Қызылордада 667 теңге. 

Көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кез келген жанды қуантатын гүл шоқтары негізінен шетелден әкелінеді. Бірақ өзімізде де өсетін гүлдер бар. Мысалы, 2023 жылы Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған. Олар еліміздің 13 өңірінде өсірілді. Осы бизнеспен айналысатындар: «тауар құнына тасымал шығындары әсер етеді», – деп отыр. Қазақстанда 17,6 млн гүл жиналған 2023 ж. Алматы облысы 7,8 млн дана Ақмола облысы 5,3 млн дана Қарағанды облысы 2,2 млн дана 

Әділ Тасболатов, гүл дүкендері желісінің иесі: - Біз бағаны гүлдердің өзіндік құнына қарай белгілейміз. Әуе тасымалы мен логистика қымбаттап барады. Оның үстіне Эквадор, Колумбия сияқты гүл эскпорттаушылар гүлдің бағасын 14 ақпанға дейін көтереді. Себебі әлем елдерінің көбінде Валентин күні тойланады. Сондықтан бізге тауар 8 наурызға дейін де қымбат бағамен келеді. Мұндай үрдіс наурыздың ортасына дейін жалғасады. 

Фото pexels.com.

2023 жылы Қазақстан 61 млн долларға кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Салыстырып өтсек, 2022 жылы гүл импорты 46 млн долларды құраған. Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген. Ең ірі экспорттаушылар: Эквадор, Нидерланд, Кения және Колумбия. 

Гүл импорты 2023 ж. $61 млн – 8 278 тонна  2022 ж. $46 млн –  6 832 тонна   Елге гүлдер 52 елден жеткізілді 2023 ж. Эквадор – 4 913 тонна Нидерланд – 1 633 тонна Кения – 635 тонна Колумбия – 488 тонна                 Ұлттық статистика бюросы   

Гүл бизнесі гүлденіп келеді

 Былтыр Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне раушан, қалампыр және хризантема бүршіктерін жіберді. Сонымен қатар орхидеялар және гүлдеп келе жатқан гиацинт, нарцисс және қызғалдақ жиі экспортталды. Дегенмен импортталатын гүлдердің тізімі де осыған ұқсас, деп хабарлайды Energyprom.kz. Бір қызығы, 2022 жылы жүргізген сауалнамаға сәйкес қазақстандық әйелдердің 39%-і ғана мерекеге сыйлық ретінде гүл алғысы келеді екен.

Дереккөз 24.kz.