Елімізде екі су қоймасы салынады

Елімізде екі  су қоймасы салынады

Биыл елде жаңа 2 су қоймасының құрылысы басталады. Стратегиялық маңызы бар нысандар Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында салынады. Бұл жұмыстар республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар екі мың шақырымнан астам суару каналдары жаңғыртылып,  24 су арнасы цифрландырылады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Мамандардың айтуынша осы арқылы елдегі 72 мың гектар жер қалпына келтіріліп, тағы 43 мың гектардан астам жерді сумен қамтамасыз ету жақсартылады. Сондай-ақ, су шығынын 400 миллион текше метрге азайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз 24.kz. Фото: ru.sputnik.kz