Бүгінде республикадағы автомобиль жолдарының сапасы жүргізушілер тарапынан көптеген сыни пікір қалыптастырып отырғаны жасырын емес. Дегенмен, отандық автожолшылар қазіргі уақытта автожол салу барысында асфальт-бетон қоспаларымен жобалаудың америкалық технологиясын енгізіп жатыр.
«Қазақстанның автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелеріміз жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылаумен ғана айналыспай, жол жобалау мен салу барысына жаңа технологияларды және тәсілдерді белсенді зерделеп, енгізіп жатыр», - деді Ұлттық жол активтері сапасы орталығы Ғылым және жаңа технологияларды енгізу департаментінің директоры Нұржан Досаев.
Компания қызметкерлері Қазақстанға бейімделген осы технологияны енгізу автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп санайды.
«Superpave технологиясы сапаны, қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік береді және заманауи зертханалық жабдықты қолдана отырып, асфальт-бетон қоспаларының ұтымды таңдалған құрамының арқасында жұмыс істейді. Бұл жобалау жүйесі Еуропа мемлекеттерінде, сондай-ақ АҚШ, Канада, Қытай және Сауд Арабиясында сынақтан өтті», - деп түсіндіреді Нұржан Досаев.
Superpave әдісі шұңқыр, жолда жырықтардың пайда болуы, төмен температура кезіндегі жырықтардың қалыптасуы, жол төсемінің қалған деформацияларына төзімді деп сипатталады. Мысалы, асфальт нақты табиғи-климаттық жағдайларға, яғни елдің ыстық аймақтарында - жоғары температураға төзімді, суық аймақтарында – жарықшақтанудың төмен температурасына таңдалады.
«Биыл Superpave әдісін енгізуге тікелей дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік. Жол картасының жобасы да бар. Жабдықпен жұмыс істеу үшін егжей-тегжейлі нұсқаулық әзірленіп жатыр. Логикасы мен әдісті кезең-кезеңмен енгізу жолдары түзілді», - дейді Нұржан Досаев.
Профессор Чан Сон Шон Техас штатында көптеген жыл бойы жұмыс істеп, осы технологиямен тікелей айналысқан.
«Superpave әдісінің артықшылығы тұтқыр заттың қасиеттеріне және оны қолданудың температуралық диапазонына негізделіп, арнайы әзірленген PG Grade шкаласы бойынша битумды тұтылғыш материалдың маркасын дәл таңдау арқылы қол жеткізіледі. Бұл тәсіл жолдардың қызмет ету мерзімін барынша ұзартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндіреді Чан Сон Шон.
Superpave заманауи полимерлерді қосу арқылы битумның өнімділігін жақсарта түседі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через