Елімізде аптап ыстық әлі де сақталады

Елімізде аптап ыстық әлі де сақталады

«Қазгидромет»мекемесінің болжамына сүйенсек  Маңғыстау облысында сынап бағамы 50 градусқа дейін жетсе, елдің оңтүстігінде де қапырық ауа-райы әлі біразға жалғасатын түрі бар. Ал Алматыда шіліңгір шілдедегі термометр көрсеткіші 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қазір жаздың дәл ортасынан асып, шіліңгір шілдеге де жеттік.

Алматының төбесінінен шақырайған күннің температурасы тәулік сайын 38 градустан төмен түсер емес.

Тал түсте көшеге шықпау туралы дәрігерлер де үнемі ескертіп жатыр. Алайда суға түспесе де, күнге қыздырынғысы келгендер оған құлақ асып жатқан жоқ. Тіпті, Сайран көлінен ішек таяқшалары табылып, суын ағызып тастаса да жағалауында жүргендер көп.

Синоптиктер, республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте тұрақсыз ауа-райы сақталатынын айтады. Еліміздің шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіресе, батыста жел күшейеді. Керісінше оңтүстік пен оңтүстік шығыста ыстық сақталып, Алматы қаласында қолайсыз ауа-райы сақталады.

Дәрігерлер осындай аптап ыстықта түскі 12 мен кешкі 5-ке дейінгі уақытта үйден шықпаған абзал деп отыр. Өйткені ересек адамдардың қан қысымы көтеріліп, балалардың басынан күн өтіп, денсаулықтары нашарлауы мүмкін.

Фото: newtimes.kzeurasiatoday.ru