Елімізде алғаш рет баланың жұлынған саусағын реплантациялау бойынша күрделі ота жасалды

Елімізде алғаш рет баланың жұлынған саусағын реплантациялау бойынша күрделі ота жасалды
фото: sputnik.kz

© Photo : Пресс-служба Минздрава РК

Қазақстанда алғаш рет балаға бірегей микрохирургиялық отаны сәтті жасалды. Алматының №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың жұлынған саусағын сақтап қалды.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 жасар бала көше жарақатын алған. Жедел операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин, микрохирургтер Сергей Косарев пен Александр Смолянкин жасады.

Саусақты сақтап қалу мүмкіндігі өте аз болған. Қазақстанда мұндай операцияларды жасайтын маман тапшы.

"Ота үздіксіз 5 сағатқа созылды. Бұл өте қиын жұмыс. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Операциялық микроскоп арқылы тіндер мен қан тамырларын тігіп, зақымданған саусақ артерияларын, диаметрі өте кішкентай жүйке талшықтарын, сүйек, сіңір, тамырларды, кесілген саусақтағы қан айналымын жалғады", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Мұндай операцияны жасау үшін заманауи микрохирургиялық құрал-жабдық қажет. Тиісті дайындықсыз, құрал-жабдықсыз мұндай операцияларды жүргізу мүмкін емес", - деді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.

8 күн ішінде бала стационарлық ем алды.

 Қазақпарат