фото: Артем Чурсинов
Петропавлда «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты облыстық әкелер форумы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, сондай-ақ облыстың әр ауданынан келген 200-ден астам белсенді әке қатысты, деп хабарлайды Kazinform.
Форумның мақсаты – қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, әкенің беделі мен белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі т.б. өзекті мәселелерді талқылау.
«Әдетте, біз әкелер қалай ойлаймыз? Баланы оқытып, киіндіріп жатырмыз, жоғары оқу орнына түсірдік. Елді көрсетіп, қыдыртып жатырмыз. Біздің миссиямыз осы деп білеміз. Алайда қазіргі бала оны қаламайды, бүгінгінің баласы әкенің мейіріміне, қамқорлығына мұқтаж. Әкесінің өзіне көңіл аударып, сөйлескенін қалайды. Егер болашақты ойласақ, біз әкелер қауымы жауапкершілікті алып, балаға мейірімімізді, қамқорлығымызды аямай көрсете білу парыз деп білемін. Әкелер көбіне жұмыс істейміз, пайда табамыз, ал бала соңғы орында қалып қояды. Абай айтпақшы, егер бала ата-анадан мейірім көрмесе құрбысына барады, одан мейірім болмаса ұстазына барады, одан қайыр болмаса көшеге барады», - дейді «Сенімен болашақ» РҚБ құрылтайшысы, идея авторы Нұркен Асанов.
Форумның екінші бөлімінде әкелерге семинар-трениг өтті. Онда «Баланың өміріндегі - әке: оның рөлі мен әсері» атты секциялар жұмыс істеп, облыстағы білікті психолог мамандар білімдерімен бөлісті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через