Елімізде 10 млн әйел бар, оның 63 пайызы қалада тұрады

Елімізде 10 млн әйел бар, оның 63 пайызы қалада тұрады
фото: pixabay.com

Еліміздегі нәзік жандардың саны — 10 млн 260 мың 057. Ұлттық статбюро 8 наурызға орай арулар жайлы статистика әзірледі. 

Бүгінгі таңда әйелдердің 63,6% — қалада, 36,3% — ауылды жерлерде тұрады.

Өңірлер бөлінісінде әйелдердің басым көпшілігі Алматы қаласында — 1 196 450, Түркістан — 1 049 866 және Алматы — 766 092 облыстарында тұрады.

Жас құрамы бойынша:

  • 18 жасқа дейінгі қыздардың саны — 3,3 млн.
  • 18-ден 60 жасқа дейінгілердің саны — 5,3 млн.
  • 60 және одан жоғары жастағы апа-әжелеріміздің саны 1,6 млн.

Дереккөз kaz.inform.kz.