Жанармай, дизель отынымен жүретін көліктерге қарағанда электромобильдер сенімді, оның бөлшектері көп қозғалмайтындықтан жиі бұзылмайды деп саналады. Алайда жақында ұйымдастырылған зерттеу қорытындысына сүйенсек, керісінше электромобильдер жанармаймен жүретін темір тұлпарға қарағанда тез сынады екен.
Британдық тұтынушылар қоғамы жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, бензин немесе дизель отынымен жүретін көлік иелеріне қарағанда электромобиль мінгендер алғашқы 4 жылда техникалық жөндеу орталықтарынының қызметіне жиі жүгінеді.
Сауалнамаға барлығы 48 мың адам қатысқан. Сатып алғаннан кейінгі алғашқы төрт жылда электромобиль қожайындарының 39 пайызы шағымданса, жанармай қозғалтқышымен жүретін көлік иелерінің небәрі 19, ал дизельмен жүретін машина мінгендердің 29 пайызы ғана осындай жағымсыз жағдайға тап болғанын мойындаған.
Электромобильдер сенімсіз болғанына қарамастан, оларды жөндеуге уақыттың көбірек жұмсалатыны анықталды.
Әсіресе көліктің бағдарламамен қамтамасыз ету бөлігі жиі істен шығады. Оны қалпына келтіруге 5 күн уақыт жұмсалады. Салыстыра кетсек, жөндеу жұмыстарына бензин моторымен жүретін көліктерге орташа 3 күн, ал дизельмен жүретін көліктерге 4 күн жұмсалады екен.
Фото: news.myseldon.com, locrum.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через