фото: https://pixabay.com/ru/
Адам қоныстану аумақтарында, өндірістік жағдайларда, тұрғын үй, әкімшілік, кеңселік үй-жайларда, білім беру және емдеу-профилактикалық мекемелерде электромагниттік өрістің әсеріне ұшырайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес электромагниттік толқындар адам ағзасында түрлі қолайсыз өзгерістер туындатады. Атап айтқанда орталық нерв жүйесінің, жүрек-қантамырлары жүйесінің және қанның морфологиялық құрамының бұзылуына әкеп соғады.
Мамандардың сөзінше, электромагниттік өрістің қауіпті әсерін болдырмау үшін электр құрылғыларын қолдануды және үйіңізде оларды қалай орналастыруды ойластырсаңыз жеткілікті.
Электр құрылғыларын бір жерде топтастырмай, оларды бір-бірінің ЭМӨ-сін күшейтпейтіндей етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар электр құрылғыларын асхана, жұмыс үстелі, ұйықтау және демалыс орындарына жақын орналастырмау керек. Балалар бөлмесін ЭМӨ-ге мұқият тексеріп отырған жөн. Бөлмеде радиомен басқарылатын немесе электрлі ойыншықтардың, планшеттің, смартфонның, ноутбуктың тұрақты түрде болуына жол бермеу керек, - делінген комитет хабарламасында.
Бұдан бөлек электр құрылғылардың бәрін бір уақытта емес, кезекпен қосып отырған дұрыс. Яғни ұялы телефон, компьютер, ӨЖЖ-пеш, теледидар әртүрлі уақытта қосылуы тиіс.
Сондай-ақ 10 метр радиуста тұрақты магнит өрісін құратын радиотелефон базасын жатын бөлмеден және жұмыс үстелінен оқшаулау керек.
Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, осындай алдын алу шаралары арқылы денсаулығыңызды сақтаңыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через