фото: depositphotos.com
Электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілмек.
Мәжілісте тоқпен жүретін көліктерге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Құжатта қуаттау бекеттерін орнату, тұрақта арнайы орындар бөлу қарастырылған. Экологиялық таза көлікке ертелі-кеш көшетініміз анық. Мәселен, іргеде тұрған Қытай 6 жылдан кейін жанар-жағармаймен жүретін автодан толықтай бас тартуды көздеп отыр. Біздің ел де, әлемдік тенденциядан қалыспауға тырысып жатыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда 9 мыңға жуық электр көлігі бар. Оларға бірқатар жеңілдік те қарастырылған. Мәселен, утиль алымы және салықтан босатылған.
Алайда қазір қуаттау бекеттері дамымаған. Дегенмен, қазіргі жанармай стансаларына тоқпен қуаттайтын орын ашу міндеті қойылмайды.
Депутаттардың пікірінше, бизнестің өзі-ақ қызығушылық танытып, осы іске кіріседі. Ал жаңа жолды салу кезінде, стансалар орнатуға арнайы орындар белгіленіп, тоқ жабдықталады. Заңда осындай ереже енгізіледі.
Дереккөз qazaqstan.tv.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через