фото: https://pixabay.com/ru/
Апат айтып келмейді дейді. Алайда айтып келмейтін апаттың алдын алуға болатын мүмкіндіктер болады. Еліміз үшін биылғы көктемгі су тасқыны оңай болып тұрған жоқ. Топан судың астында қалған елді-мекендерді, жылы ұясын тастап тентіреп кеткен халықтың жағдайына сүлесоқ қарау мүмкін емес. Көлденеңнен келген табиғат апаты халықтың қабырғасын қайыстырып жіберді. Бүгінде Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат ретінде тіркелді. Топан судың әлі беті қайта қойған жоқ, судың көтерілу қауіпі жоғары, су шайып кетуі ықтимал елді-мекендердің қатары әлі де болуы мүмкін.
«Сапалы Қазақстан» ақпараттық порталы бүгінгі халықтың жағдайынан қала жұрты қаншалықты хабардар екендігін білу мақсатында сауалнама жүргізіп қайтқан болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через